«Қаражырада» Кеншілер күні мен көмір кен орнының 35 жылдығы атап өтілді.

«Қаражыра» АҚ-да Кеншілер күні мен көмір кен орнының 35 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл айтулы күн кәсіпорынның дамуына елеулі үлес қосып жүрген қызметкерлердің көпжылдық әрі адал еңбегіне алғыс білдіруге ерекше мүмкіндік болды.

     

Мерекелік іс-шара аясында қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Жемісті еңбегі үшін бірқатар қызметкерлер «Қаражыра» АҚ Алғысы», «Үздік қызметкер – 2026», «Құрмет тақтасы» номинациялары бойынша марапатталды.

Ерекше көзге түскен қызметкерлер «Еңбек ерлігі», «Кенші ерлігі» төсбелгілерімен марапатталды. Сонымен қатар айтулы датаға орай қызметкерлерге «Қаражыра» көмір кен орнының 35 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар табысталды.

           

Салтанатты іс-шара барысында компания қызметкерінің баласына білім алуға арналған «Қаражыра» АҚ грантын тағайындау байқауының қорытындысы жарияланды. Байқау жеңімпаздары білім алуға кәсіпорын тарапынан көрсетілетін гранттық қолдауға ие болды.

Сондай-ақ БелАЗ автосамосвал жүргізушілері мен экскаватор машинистері арасында өткен кәсіби шеберлік байқауларының жеңімпаздары марапатталды. Үздік мамандар жоғары кәсіби даярлық деңгейін, шеберлігі мен біліктілігін көрсетті.

Мерекелік бағдарлама аясында футбол және волейболдан өткен спорттық жарыстардың жеңімпаздары, сондай-ақ корпоративтік эстафетаға қатысушылар да марапатталды.

         

Кәсіпорынның мерейтойы мен Кеншілер күні – жүріп өткен жолды қорытындылап қана қоймай, күнделікті еңбегі, кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығы арқылы «Қаражыра» АҚ-ның тарихы мен болашағын қалыптастырып жүрген жандардың еңбегін тағы бір мәрте атап өтуге мүмкіндік берген айтулы күн болды.

Copyright © 2026 ж. Барлық құқықтар заңмен сақталған. Сайт AlmatySite.kz жасалған