«Қаражыра» разрезінің көмірін байыту тәжірибесі V Ресей көмір саммитінде таныстырылды

2026 жылғы 29 қыркүйекте Новокузнецк қаласында көмір өнеркәсібінің өкілдерін, ғылыми қауымдастықты, жабдық жеткізушілерін және салалық сарапшыларды біріктірген кәсіби алаң — V Ресей көмір саммиті өтті.

                 

Саммиттің іскерлік бағдарламасы аясында көмір өнеркәсібіндегі заманауи технологияларға арналған сессияда «ВостокУгольПром» ЖШС-нің ғылым жөніндегі директоры Игорь Олегович Михалев баяндама жасады.

Оның баяндамасының тақырыбы — «Қаражыра разрезінің Д маркалы көмірін құрғақ байыту тәжірибесі (Абай облысы, ҚР)».

Баяндамада Абай облысындағы Қаражыра кен орнында өндірілетін көмірді байыту бойынша практикалық тәжірибе таныстырылды. Көмірді құрғақ байыту технологияларын қолдануға ерекше назар аударылды. Бұл технологиялар көмірді кластарға бөліп, оның сапалық сипаттамаларын жақсартуға мүмкіндік береді.

Саммитке қатысушыларға сондай-ақ көмірдің ірі және ұсақ кластарын байытуға арналған технологиялық шешімдер, қолданылатын жабдықтардың ерекшеліктері және жүргізілген өндірістік сынақтардың нәтижелері таныстырылды.

«ВостокУгольПром» ЖШС 2016 жылдан бері Қаражыра кен орнында өндірілетін байытылған және байытылмаған көмірді өндірумен айналысады. Кәсіпорынның өндірістік кешені модульдік сұрыптау-байыту қондырғыларынан тұрады. Олардың жиынтық қуаттылығы жылына 3 млн тоннадан астам қатардағы көмірді құрайды.

Қаражыра кен орнында жұмыс істейтін кәсіпорын өкілдерінің осындай деңгейдегі салалық іс-шараларға қатысуы тәжірибе алмасуға, заманауи технологияларды талқылауға және көмір өнеркәсібін одан әрі дамытуға бағытталған тиімді шешімдерді іздеуге мүмкіндік береді.

V Ресей көмір саммиті көмір өнеркәсібі, ғылым және технологиялық компаниялар өкілдері арасында кәсіби диалог пен тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаң болды.

Copyright © 2026 ж. Барлық құқықтар заңмен сақталған. Сайт AlmatySite.kz жасалған