2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына арналған қосымша көмір көлемдері туралы.
Қазақстан Республикасы халқының 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымында коммуналдық-тұрмыстық көмірге деген қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ өңірлік операторлар тарапынан қосымша сұранысты қамтамасыз ету мақсатында «Қаражыра» АҚ Қазақстан Республикасы аумағында өткізу үшін 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін жеткізу шартымен көмірдің қосымша көлемдерін ұсыну мүмкіндігі бар екенін хабарлайды.
Шарт жасасу мүмкіндігін қарастыру үшін қажетті көмір көлемі, жеткізу станциясы және жоспарланған жеткізу күні көрсетілген ресми өтінімді жолдау қажет.
Көмір сатып алу, қолжетімді көлемдерді нақтылау және жеткізу кестелерін келісу мәселелері бойынша Коммуналдық-тұрмыстық секторды өткізу бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз.
Байланыс телефоны: 8 (7222) 30-22-07 (ішкі 623, 127)
Электрондық пошта: kbs@karazhyra.kz


