«ВостокУгольПром» ЖШС «Қаражыра» АҚ-на жаңа футбол алаңын сыйға тартты

Балапан кентінің инфрақұрылымы жаңа спорт нысанымен толықты. Серіктесіміз — «ВостокУгольПром» ЖШС «Қаражыра» АҚ жұмысшылары үшін заманауи шағын футбол алаңын салып, спорттық инфрақұрылымның дамуына үлес қосты.

Алаң заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда сапалы төсеніш төселіп, қоршау және кешкі уақытта спорттық ойындар өткізуге мүмкіндік беретін жарықтандыру жүйесі орнатылған.

Жаңа спорт нысаны қызметкерлер арасында жолдастық кездесулер, корпоративтік турнирлер және спорттық іс-шаралар өткізуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ұжымдағы командалық рухты нығайтып, бұқаралық спортты дамытуға ықпал етеді.

«Қаражыра» АҚ ұжымы мен басшылығы «ВостокУгольПром» ЖШС-не көрсеткен қолдауы, спорттық инфрақұрылымды дамытуға қосқан үлесі және қызметкерлердің белсенді демалысына жағдай жасауға атсалысқаны үшін шынайы алғысын білдіреді.

Copyright © 2026 ж. Барлық құқықтар заңмен сақталған. Сайт AlmatySite.kz жасалған