«Қаражыра» АҚ ABAI CHAMPIONSHIP 2026 джиу-джитсу турниріне демеушілік қолдау көрсетті.

Турнир аясында балалар арасында джиу-джитсудан жарыстар өтіп, жас спортшылар өздерінің күш-жігерін, шеберлігін, техникасын және нағыз спорттық рухын көрсетті.

Турнирдің ерекше оқиғаларының бірі — ММА және джиу-джитсудың танымал жұлдыздарының қатысуымен өткен супер жекпе-жектер болды. Олардың қатарында Омар Нурдаулет, Азамат Максум, Асылбек Темирбеков, Аманбай Ибадулла, Алихан Игембек, Ерасыл Тәңірбергенов, Серикхан Хангелди, Дидар Сейтжапаров және Сергей Морозов бар.

Турнир жас таланттар мен кәсіби спортшыларды біріктірген жарқын спорттық оқиғаға айналып, көрермендерге тартысты жекпе-жектер мен ұмытылмас әсер сыйлады.

«Қаражыра» АҚ — спортпен бірге, жеңіспен бірге!

Copyright © 2026 ж. Барлық құқықтар заңмен сақталған. Сайт AlmatySite.kz жасалған