Болашақ чемпиондардың алғашқы қадамы.

«Қаражыра» АҚ мен «Елімай» футбол командасының бірлескен бастамасымен «Қаражыра» АҚ қызметкерлерінің балаларына арналған арнайы футбол жаттығуы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында балалар кәсіби футболшылармен кездесіп, тәжірибелі спортшылардың жетекшілігімен жаттығу өткізді. Жас қатысушылар үшін бұл тек спорттық сабақ қана емес, жаңа әсерге, жарқын эмоцияға және пайдалы тәжірибеге толы ерекше күн болды.

                 

Осындай бастамалар жас ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және олардың болашақ жетістіктеріне сеніммен қадам басуына мүмкіндік береді.

«Қаражыра» АҚ өз қызметкерлерінің балаларына қолдау көрсетіп, олардың жан-жақты дамуына бағытталған игі бастамаларды алдағы уақытта да жалғастыра береді.

Copyright © 2026 ж. Барлық құқықтар заңмен сақталған. Сайт AlmatySite.kz жасалған